Павлодарда түн ішінде қайықпен серуендеген қыз бен жігіт ажалдан аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Ертіс өзенінде қайықпен серуенге шыққан екі адам құтқарылды.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 86 жылғы ер азамат пен 90 жылғы әйел адам қауіпсіздік ережелерін бұзып, қараңғы уақытта үрлемелі моторлы резеңке қайықпен күзетілетін аумақта демалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Қайық кенеттен аударылып кетіп, екеуі өздігінен судан шығуға тырысқан. Дегенмен қатты ағын оларды алысқа алып кеткен. - Сағат 1.25-те жедел құтқару жасағының екі қызметкері олардың көмек шақырған дауысын естіп, дереу оқиға орнынан мотоқайық арқылы екеуін жағаға алып шыққан. Зардап шеккендер медициналық көмектен бас тартты, - деді департаментте.