Павлодарда түнгі уақытта көршілердің мазасын алған жастардың ата-аналары жазаланды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM- Олардың барлығы мектептің жоғары сыныптарында және колледждерде оқиды. Құрбы-құрдастар пәтер жалдап, туған күн иесі дастархан жайған.

Жастар
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жергілікті полицияға түнгі сағат 01.00 шамасында пәтерлердің бірінде жастардың шулап, музыка қойып жатқаны жайында ақпарат түскен. 

«Шақырту бойынша мекенжайға барға полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жастардың пәтер жалдап, сол жерде досының туған күнін атап өткенін анықтады. Бозбалалар мен бойжеткендер алкогольді ішімдік ішіп, соның қызуымен шулаған. Олардың барлығы полиция бөліміне жеткізілді. 18 жасқа толмаған азаматтардың қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ата-аналарына қатысты хаттама толтырылып, айыппұл салынды», деді Павлодар қалалық солтүстік полиция бөлімі ювеналды полицияның аға инспекторы Ирина Емцова.

Соңғы жаңалықтар