Павлодарда тұрғын үйде электр қалқанында сымдардың қысқа тұйықталуынан ер адам жарақаттанды

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - 18 қараша күні сағат 13. 18-де Павлодарда Жаяу-Мұса көшесінің бойында орналасқан он қабатты тұрғын үйде төттенше жағдай орын алды.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жетінші қабаттың баспалдақ алаңында электр қалқанында сымдардың қысқа тұйықталуы болды.

Оқиға орнына Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 3 техникасы шықты.

Оқиға салдарынан 30 жастағы ер адамды күйік шалды, ол ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар