Павлодарда түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат қалыңдығын айттырып, шаңырақ көтерді

отбасы
Фото: Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Ерлі-зайыптылардың некесі тергеу изоляторында қиылып, жергілікті АХАТ өкілі ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес барлық қажетті рәсімдерді өткізген. Ер адам бостандыққа шыққан соң неке жүзігін алмасуға серттесті.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі бұл сотталушылар арасындағы кезекті неке екенін, мұндай шаңырақ көтеру рәсімдері әлсін-әлсін болып тұратынын хабарлады.

Сотталушы Ж. өткен жылдың қараша айында, қалыңдығы жүктіліктің 5 айында некелесуге ұсыныс жасаған.

отбасы
Фото: Павлодар облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Бірақ салтанатты жағдайда некелесуге үлгермеген. 

Жуықта сәбиі дүниеге келген соң жұп заң жүзінде отбасын құруды ұйғарған. 

«Ер адам денсаулыққа зиян келтіргені үшін істі болып, 3 жылға сотталған. Жалпы сотталушылардың неке қиюы — түзеу мекемелерінде болып тұратын оқиға. Мұндай жағдай жазасын өтеп жатқан азаматтарға жағымды түрде әсер етеді. Олардың тәртібі дұрысталып, тезірек бостандыққа шығуға талаптанады», дейді департамент бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Арман Мұқанов. 

Соңғы жаңалықтар