Павлодарда ТЖМ қызметкерлері жойқын жарылыстың алдын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тоңазыту және желдету жабдығын шығаратын кәсіпорын ғимаратында болған өрт кезінде жалын ішінен 50-ден астам жарылғыз заты бар баллон шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Павлодарда ТЖМ қызметкерлері жойқын жарылыстың алдын алды

«Бүгін сағ.15-55-те Павлодар қаласындағы сайдингпен қапталған бір қабатты темірбетонды ғимаратта (тоңазыту және желдету жабдығын шығарады) өрт шықты. Көлемі 250 ш.м.алаңда құрал-жабдықтар жанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан газ баллондарын тапты. Өрт сөндірушілер батырлық танытып, өрт орнынан 4 газ (50 л.), 2 көмірқышқыл (50 л.), 6 оттегі (50 л. ), 8 азот ( 50 л.) және 30 фреон (10 л.) баллонын, 1 канистр бензин ( 20 л.) шығарды. Бұдан басқа өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылы арқасында өрт көрші ғимараттарға таралған жоқ» делінген хабарламада.Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 13 адам өз бетінше оқиға орнынан эвакуацияланды.Сонымен қатар персонал өрт оқиғасы орнынан 2 газ баллон (27л.) шығарды. Өрт сағат 17:29-да оқшауланып, сағат 19:18-де сөндірілді.Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен 7 бірлік өрт техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері жұмылдырылды.