Павлодарда университет 31,5 млн теңгені кітапқа негізсіз жұмсамақ болған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу барысында қаражатты негізсіз пайдалану фактісін анықтады.

Қытайда «Қазақ халқының мың күйі» атты кітаптың тұсаукесері өтті – шетелдегі қазақ баспасөзі
Фото: pixabay.com

Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге құны 31,5 млн теңге тұратын бір дана әдеби кітап сатып алуды жоспарлаған.

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.

Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.

Соңғы жаңалықтар