Павлодарда ұрланған 13 бас мал қожайындарына қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда полицейлер "Мал ұрлығы" акциясы аясында бір күннің ішінде ұрланған 13 бас малды иелеріне қайтарған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Павлодарда ұрланған 13 бас мал қожайындарына қайтарылды

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, алғашқы болып сиыр ұрлады деген күдікпен Павлодар ауданының 37 жастағы және Шарбақты ауданының 41 жастағы тұрғыны қолға түскен. Тәртіп сақшылары ұрланған малды іздестіру барысында ет өнімі тиелген 50 жүк көлігін тексеріп, құжатсыз ет тасымалдау бойынша сегіз әкімшілік хаттама толтырған.

«Тереңкөл ауылына жақын маңда, "Качир-Павлодар"  тас жолында өзінің "Ауди" көлігінде төрт бас ірі қара мал әкетіп бара жатқан 29 жастағы азамат ұсталды. "Успен-Павлодар" бағытында, Таволжан ауылының жанында полицейлер екі жылқы тиеген "Лада" көлігін тоқтатқан. Екі азаматтың да құжаттары болмай шықты. Нәтижесінде оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді баспасөз қызметінен.