Павлодарда үш оқушы ыстан уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тұрғын үйде үш оқушы ыстан уланып қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, төтенше жағдайдың орын алуына пештен ақау шығуы себеп болған.

«Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына 15, 12 және сегіз жастағы қыз балалар жеткізілген. Қазіргі таңда олар соматикалық бөлімде толық көлемде ем қабылдауда. Балалардың жағдайы тұрақты. Шамамен 10 күннен кейін үйлеріне шығарылады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Соңғы жаңалықтар