Павлодарда үш жылда 4 мыңдай рет ашық жүрекке ота жасалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жылдың ішінде облыстық кардиологиялық орталықта жүрек ақауы бар 3 912 науқасқа ота жасалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда үш жылда 4 мыңдай рет ашық жүрекке ота жасалған

Өңірде жүрек қан тамырлар ауруларын емдеудің инновациялық емдеу әдістері енгізілген.

«Биылғы жылы екі айдың ішінде барлығы 236 ота жасалған. Оның 102-сі қолқа қан тамырын шунттау болса, 54-і жүректегі қан жолы тетігіне қатысты. Сонымен қатар 541 коронографиялық тексеру жүргізілген. Бұдан басқа, орталықта қолқа қан жолы тетігінің транскатетірлік трансплантациясы, жүректің электр ширатқышы - күрделі аритмиялық құрылғылардың имплантацисы сынды инновациялық емдеу әдістері енгізілген», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қасымов.

Айта кетерлігі, жалпы кардиологиялық орталықта облыс бойынша 60 711 адам диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде Екібастұз қаласында 7 812 және Ақсуда 4 721 адам жүрек қан тамырлары ауруларымен аурады. Аудандар арасында Ертіс, Павлодар, Қашыр аудандары көш бастап тұр. Орталықтың алты маманы өткен жылы Қытай, Литва, Беларусь және Франция елдеріне оқуға барып келген.