Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда онлайн-казино жасаған төрт адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасының 2016 жылғы жұмыс қорытындысына арналған мәслихатта облыстық прокуратура басқармасының бастығы Бейсенбек Әлиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, төрт адам заңсыз түрде ойын автоматтарында онлайн-казино түріндегі ойын бизнесін ұйымдастырған. Олар тек өздері ғана әрекет етпеген. Оларға туыстары көмектескен. Прокурорлар оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 307, 262, 218-баптары бойынша айып таққан.

«Ақпан айында тінту жұмыстары жүргізілді, алынған заттай деректер сараптамаға жіберілді. Сегіз адам ұсталды. Олардың алтауы - тұтқынға алынса, екеуі - үй қамауында. Бұл стационарлық мекеме еді. Ойын автоматтары сауда үйлерінде, адамдар тұрмайтын ғимараттарда орнатылған», - деп мәлімдеді Б. Алиев.