Павлодарда үздік тракторшы студент анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда студенттер арасында 2017 жылдың үздік тракторшы-машинисті анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Аграрлық-техникалық, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында Павлодар облысының «2017 жылдың үздік тракторшы-машинисті» кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.
Оған Успен, Шарбақты, Ақтоғай, Лебяжі, Май, Железин, Красноармейка, Ертіс, Баянауыл, Качир аграрлық-техникалық колледждері қатысты.
« Екі күн бойы қатысушылар шеберліктері мен кәсіби дағдыларын көрсеті. Сараптама тобының мүшелері барлық модульдерді бағалап, конкурс қорытындыларын шығарды. Качир аграрлық-техникалық колледжінің студенті Александр Кочкаев үздік атанып, бірінші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды», - деп хабарлады білім беру басқармасы. Екінші орынды Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің студенті Альберт Видикер иеленді. Үшінші орын Май аграрлық-техникалық колледжінің студенті Зинат Лукмановқа берілді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.