Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Павлодарда 8-13 ақпан күндері Орталық стадионның спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді.
None
None

Ел чемпионатының алғашқы 2 туры бұған Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде өткен болатын. Турнир кестесінде қазір 20 ұпаймен Алматы облысының "Жетісуі" көш бастап келеді. Үздік үштікке Павлодар облысының "Ертіс-Қазхром" (17 ұпай), Қарағанды облысының "Қарағанды" (15 ұпай) командасы еніп отыр. Ал "астаналықтар" мен "алматылық" волейболшылар 14 ұпаймен 4-5 орынды бөліссе, Теміртаудың "Металлург АМТ" командасы 10 ұпаймен турнир кестесін түйіндеп тұр.

Павлодарлықтар өз алаңындағы алғашқы ойынын алматылықтармен өткізеді. Жалпы 3-тур ойындары "Қарағанды" - "Астана" және "Жетісу" - "Металлург АМТ" командаларының кездесуімен басталады. Ал жарыстың ақырғы күні "Алматы" мен "Жетісу", "Қарағанды" мен "Металлург АМТ" және "Астана" мен "Ертіс-Қазхром" өзара сайысқа түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар