Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қазан күні сағат 13.10-да Катаев көшесі, 36 мекенжайы бойынша «Toyota Camry» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі 1953 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

- Зейнеткер реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері облыста 451 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 38-і қаза тауып, 676-сы жарақат алды.