Павлодарда жаңа мұз аренасы салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда жаңа мұз аренасы салынуда. Жаңа спорттық нысанның құрылысы жеңіл атлетика манежі, жабық футбол алаңы мен олимпиадалық резерв дайындау мектебі пайда болған «Құлагер» ипподромында жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда жаңа мұз аренасы салынуда

Құрылыс алаңында облыс әкімі Болат Бақауов болды. Өңір басшысы болашақ спорт қалашығына коммуникация желісін тарту мәселесі шешімін тапқанынан хабардар болды. 30 сәуірде нысанның инфрақұрылымдық жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалады. Барлық төрт спорт нысаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынады.

Сонымен қатар аймақ басшысы «Портал ПВ» ЖШС құрылыс компаниясы сахна салып жатқан жағалауды аралады. Мердігерлік ұйымның басшысы Магдан Ичиев барлық металл құрылысы Шығыс Қазақстан облысынан су келгенге дейін тұрғызылатынын, сахнаның тұсауы мамыр айында кесілетінін жеткізді.

«Сахнада өткізілетін бірінші мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні. Сондықтан бұл жерде жұмыс қайнап жату керек. Әр сенбі сайын нысанды қарап, бақылаймыз. Көше сахнасын электр желісімен қамтамасыз ету үішін қолданыстағы трансформаторлық қосалқы стансаның қуаты жетпейді. Сондықтан бюджеттен тыс қаржыға екінші станса, кейін тағы бір қосалқы станса салу жоспарлануда», - деді облыс әкімі.