Павлодарда Жаңа жыл қарсаңында 140 отбасы баспаналы болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында жергілікті атқарушы органдардың қатарында кезекте тұрған 140 отбасы пәтер кілттерін алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 
None
None

Көпқабатты тұрғын үй «Сарыарқа» шағынауданында Шөкин көшесі, 159/3 мекенжайында бой көтерді.

 «Біздің мемлекетіміз халқымыздың жағдайын жақсарту мақсатында барлық мүмкіндіктерді жасауда», - деп атап өтті Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек.  - Баспананы қолжетімді ету мақсатында елімізде түрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Бүгінгі жаңа қоныс иелерін құттықтай отыра, әр шаңыраққа құт-береке, табыс тілеймін!».
null 

  Айта кетейік, баспананы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Құрылыс» ЖШС салды. Жобаның құны 1 011,9 млн теңгені құрады. Бұл 2017 жылы «Сарыарқа» шағынауданында салынған алтыншы үй. Осы уақытқа дейін жаңа ауданда сүрілген ағаш үйлердің орнына 11 көпқабатты жаңа тұрғын үй тұрғызылды. Биылғы жылы тағы бір жаңа «Достық» шағынауданында магистральді желілердің құрылысы жүргізілуде. Жалпы, 2017 жылы Павлодар қаласындағы тұрғын үй құрылысының жалпы көлемі барлық қаржы көздерін қоса алғанда 151,4 мың шаршы метрді құрады.

null 

Соңғы жаңалықтар