Павлодарда Жаңа жыл түнінде автобустар мен трамвайлар таңғы төртке дейін жүреді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Жаңа жыл түнінде автобустар мен трамвайлар қала тұрғындарын сағат 01-00-ден 04-00-ге дейін тасымалдайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жаңа жыл түнінде, 2018 жылдың 1 қаңтары күні сағат 01-00-ден сағат 04-00-ге дейін тұрғындарды Орталық алаң, Кутузов көшесі мен Ворошун паркі мен мәдениет және демалыс паркіне, және Прибрежный, Усольский, Дачный, Вокзал шағын аудандарына жеткізу үшін № 1, 21, 22, 27 тұрақты автобус бағдарлары бойынша екі автобус әрқайсысы 30-дан 45 минут аралығында қарама-қарсы бағытта қызмет көрсетеді. Сонымен қатар № 1, 5, 7, 11 трамвай бағдарлары бойынша 4 вагон қызмет көрсетеді»,-деп хабарлады Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері.

Қалалық қоғамдық көліктегі баға мереке күндері әдеттегідей 80 теңге болады.

Соңғы жаңалықтар