10:30, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Павлодарда жанар-жағармай құю стансысында газ баллоны жарылды, 6 адам жапа шекті
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні күндіз Павлодар қаласында «Омаров» ЖК жанар-жағармай құю бекетінде сыйымдылығы 25 литрлік газ баллоны жарылды,

салдарынан ғимараттың 150 шаршы метр аумақтағы құрылыс конструкциялары опырылып құлады. Абырой болғанда, өрт орын алмады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нен мәлім етті.
Төтенше жағдайды ауыздықтауға Павлодар облыстық өрт сөндіру қызметінің 5 маманы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ Павлодар қалалық «Шұғыл-құтқару жасағы» ММ 3 қызметкері мен бір техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 2 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.
Жарылыс салдарынан түрлі деңгейдегі жарақаттар алған 35-тен 50 жасқа дейінгі 6 адам ауруханаға жеткізілді.