Павлодарда жарнамадағы қателерді тапқандар марапатталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 1-27 қараша аралығында өткен «Қатесіз жарнама» шарасы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
«Шараның басты мақсаты - «ҚР Тілдер туралы» Заңға сәйкес келмейтін жарнама мәтіндері мен көрнекі ақпараттағы қателерді анықтау», - дейді тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы Дәулет Темірболат. Шараға қатысушы қала тұрғындары грамматикалық қате тапқан 400-ден астам мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі көрнекі ақпарат мәтіндерінің суретін жіберген. Тәуелсіз сарапшы комиссия журналистер және жоғары оқу орындарының филологтарынан жасақталды. Іріктеу турына комиссия ең көп қателіктер мен кемшіліктері бар суреттер берген 20 қатысушыны таңдады.
Байқау жеңімпаздарын марапттау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада 29 қарашада өткізілді. Оның қорытындысы бойынша бірінші орынды Балғын Закуова иеленді. Соынмен жүлдегелерлер қатарында Марат Қилыбаев, Наталья Горянская мен Қаламқас Әлжановалар бар.
20 қатысушының барлығы да диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Іс-шараны ұйымдастырушылар «Қатесіз жарнама» акциясына қатысып азаматтық ұстаным танытқан облыс тұрғындарына алғыс білдірді. Басқарма өз тарапынан қателікке жол берген жарнама иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - дейді Д.Темірболат.