Павлодарда жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы аулалардың бірінде қаңтарулы тұрған «Лада Гранта» жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің күйіп кеткен мүрдесін тапты.

Жол полициясы
Фото: Жетісу облыстық полиция департаменті

Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

«2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда», деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінен.

Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар