Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті. Жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кетті

«26 қазанда сағат 18.35-те «Volkswagen Passat» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Павлодар қаласында Павлов көшесіндегі 67-үйге қарама-қарсы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жүріс бөлігін кесіп өткен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімдер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Көлік айыппұл тұрағына жіберілді, тексеру жүргізілуде» деп атап өтті полициядан.