Павлодарда «Жеңіс сарбаздары» фотокөрмесі ұйымдастырылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Орталық алаңда ұйымдастырылған «Жеңіс сарбаздары» фотокөрмесінде 300-ге тарта майдангер мен тыл жұмысшыларының суреттері ілінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None



Павлодарлықтардың туысқандарының суреттері ілінген бұл көрмені тамашалағандар өте көп болды. Әр қала тұрғыны келіп, өзінің майдангер атасын іздеп тауып, фотоға түсіп жатты. 300-ге тарта батырлардың суреті ілінген тақтада соғыс жылдарында хабарсыз кеткен азаматтар мен ұшқыш, танкист пен пулеметшілер де бар.

 

«Менің әкем Жарылғасын Рысмағамбетов 1917 жылы Баянауыл ауданы №1 ауылда дүниеге келген. 1942 жылы 15-наурызда Баянауыл аудандық әскери комиссариатымен Кеңес армиясы қатарына шақыртылып, 550-ші атқыштар полкінің құрамында үш ай бойы соғысты. Кейін, 8-інші атқыштар бригадасына ауыстырылды. 1942 жылдың желтоқсаны мен 1945 жылдың қарашасына дейін 178-атқыштар полкі құрамында соғысқа қатысты. Атқыш Рысмағамбетов жапон империалистеріне қарсы соғысып, «Жапониядағы жеңіс үшін» медалімен марапатталған. Тірі болғанда биыл әкем 100-ге келер еді, - дейді ұлы Алтынбек Рысмағамбетов.

 

Орталық алаңда сонымен қатар Кеңес Одағы батырларының марапаттарының көшірмесі ілінген көрме ұйымдастырылған. Мұнда Махмет Қайырбаев, Иван Суптель, Қанаш Қамзин, Михаил Катаев, Константин Шувалов пен басқа да павлодарлық майдангерлердің марапаттары жарияланған.

Соңғы жаңалықтар