Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үйді бөлу қатысты бірқатар заң бұзуды анықтады. 

Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
Фото: «Жеткіншектер үйі» КММ

Ертіс ауданындағы экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы аудан әкімінің орынбасарына пәтер беру туралы шешімді өз бетімен қабылдаған. Ал баспана жетім баланың атында тіркелген болып шықты.

— Халықтың әлеуметтік осал тобына жатпайтын тұлғаларға заңсыз тұрғын үй беру фактілері анықталды. Мәселен Ертіс ауылы, Мүткенов көшесі, 32-үй, 10-пәтер мекенжайы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз етуге арналған пәтерде аудан әкімінің орынбасары Роза Қабиболқызы Ақанова тұрады, — деді прокурор облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте.

Прокуратура бұған дейін де баспананың тиесілі адамдарға берілмегенін анықтаған. Сондай-ақ бос тұрған 14 пәтер бар, бірақ белгілі себептермен шенеуніктер оны халықтың әлеуметтік осал топтарына беру бойынша жұмыс істемей жатыр.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері заңға сәйкес әрекет ету керегін, алайда әкім орынбасарының пәтерде көп тұрмайтынын ескеріп, Ертіс аудандық нақты экономика секторы бөлімінің басшысы Қайролла Елеукеновке қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Еске сала кетейік, Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын өсірген шенеуніктер жазаланды

Соңғы жаңалықтар