Павлодарда жоғалған сарбаз іздестіріліп жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасы Қарулы күштердің ефрейторы Марат Бегалиновтың із-түзсіз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іске бастамашыл болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда жоғалған сарбаз іздестіріліп жатыр

Марат Амантайұлы Бегалинов 1991 жылы туған. Бүгін Павлодар облыстық ІІД хабарлағандай, ол 29 маусым күні сағат 22.00-де Ақсу қаласындағы Астана көшесінде орналасқан №43 үйден шығып, содан бері хабарсыз кеткен.

Марат Амантайұлы Бегалинов 1991 жылы туған. Ол Ертіс көшесінен шығысқа қарай бет алып, із-түзсіз жоғалған. Мараттың жоғалғанын полицияға оның әпкесі Сәуле Бегалинова хабарлаған. Бұл факті Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркелімінде ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелген.