Павлодарда жол күтіміне немқұрайлы қараған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Полицейлер өңірдегі автожолдарды тексеру барысында 200-ден астам ақауды анықтаған. Қар жауып, боран соққанда және көктайғақ кезінде кемшіліктер көп кездеседі.

а
Фото: ІІМ

Жол-техникалық инспекция қызметкерлері автокөлік жолдарының жай-күйіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырып келеді. 

– Тек қаңтар айында жалпы ұзындығы шамамен 3045 шақырымды құрайтын автокөлік жолдарында 140 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 203 жол ақауы анықталды. Жолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 24 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға шығарғаны және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаға көлік басқаруға рұқсат бергені үшін 8 адам жазаланды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.

Тәртіп сақшылары ауа райы қолайсыз кезеңдерде – қар жауып, боран соққанда, көктайғақта жол бойынша кемшіліктер жиі тіркелетінін айтады.

Еске сала кетейік, 2030 жылға дейінгі 1500 шақырым жол төрт және одан да көп жолақты болады. 

Соңғы жаңалықтар