Павлодарда жол шетінде тұрған қызды автокөлік соғып, мерт қылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Жазатайым оқиға Жетекші ауылынан екі шақырым жерде, үлкен жолдың бойында болған. Бұл туралы өңірлік жедел жәрдем стансасынан хабарлады.

Дорожный знак ДТП Жол белгісі ЖКО жол апаты
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

«Жедел жәрдем қызметіне Павлодар қаласы Жетекші ауылынан 2 шақырым жерде, Шарбақты ауданына баратын автожолда қызды көлік соғып кеткені туралы хабарлама түсті. Медициналық топ 9 минуттан кейін оқиға орнында болды. Өкінішке қарай, зардап шеккен адамды құтқару мүмкін болмады. 27 жастағы қыз өміріне сәйкес келмейтін жарақат алғандықтан сол жерде көз жұмған», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасынан.

Бұған қоса Ақсуда көлік жүргізіп келе жатқан 33 жастағы әйел апатқа ұшырады. Жедел жәрдем қызметкерлері оның жүктіліктің 38-ші аптасында екенін анықтаған. Зардап шегуші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында автобус пен көлік соқтығысып, 5 адам қаза тапты. 

Соңғы жаңалықтар