Павлодарда жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаумен айналысқан ұрылар ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодарда жүк көліктерінің 18 аккумуляторын ұрлады деген күдікпен 2 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаумен айналысқан ұрылар ұсталды

«Павлодарлық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында аккумулятор ұрлаған күдіктілерді ұстады», - делінген Павлодар облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, күдіктілер тек жүк көліктерінің ғана аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан. Күдіктілер 12 тамыз күні Новосибирская көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанында тұрған «КамАЗ» көлігінен 2 аккумулятор ұрлағандары белгілі болып отыр. Жалпы оларға 18 аккумулятор ұрлады деген айып тағылған.

«Олар ұрланған аккумуляторларды жүргізушілерге төмен бағамен сатып отырған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Күдіктілердің бірі Павлодар қаласының уақытқа оқшаулағышына қамалған. Ал екіншісі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Күдіктілердің екеуі де бұған дейін дәл осындай қылмыстары үшін полиция назарына ілініп, 3 жылдан бас бостандықтары шектелген болатын.


Антон Гагарин