Павлодарда жұқа мұз үстінде жүрген үш бала мен ер адам құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Усолка өзенінде жұқа мұздың үстінде еш алаңсыз қыдырып жүрген төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметінше, құтқарушылар сағат кешкі бестің кезінде өзеннің үстінде жүрген екі оқушыны көріп қалған. - Балалар дереу құтқару станциясына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция қызметкерлері мен № 42 мектептің директоры шақырылды. Сонымен қатар, сағат кешкі алтыға қарай Усолка өзенінде мұздың үстімен баласын ертіп жүрген ар адам жағаға жеткізілді. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді департаментте.
Құтқарушылар тұрғындарға толық қатпаған мұздың үстінде серуендеу адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертеді.