Павлодарда жұқа мұзда балық аулаған 42 адам айыппұл арқалады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Қыс басталғанына қарамастан өңірдегі өзен-көлдерде мұз толық қатып үлгермеген. Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен полицейлер жұқа мұзда балық аулап жүрген азаматтарды жауапкершілікке шақырып, айыппұл салып жатыр.

Рыбаков начали штрафовать за нахождение льду в Павлодарской области
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

 «Мұз» акциясы аясында облыстың ТЖД қызметкерлері су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілерінде ықтимал оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Рейдтер барысында азаматтарға, оның ішінде балықшыларға, сондай-ақ аңшылық-балық аулау дүкендеріне келушілерге нұсқама жүргізілді. Бірлескен рейдтерге полицейлер мен еріктілер де қатысты.

Павлодарда жұқа мұзда балық аулаған 42 адам айыппұл арқалады
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

— Облыс аумағында су объектілеріне пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып мониторинг жүзеге асырылады. Мұздың қалыңдығы үнемі өлшенеді. Кезекті рейд Усолка өзенінде өткізілді. Оған 24 адам қатысты. Аталған іс-шаралар барысында 46 адамға нұсқау берілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 412-бабы бойынша жеке құтқару құралдарынсыз мұзда болған 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Жалпы 16 қарашадан бері әкімшілік жауапкершілікке 42 адам тартылды, — деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске сала кетейік, балық шаруашылығын дамытуға 120 млн теңге бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар