Павлодарда жүріп бара жатқан көліктен секірген ер адам көз жұмды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық жедел жәрдем соңғы үш күнде үш ірі жол апатына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
- Алғашқы ірі апат Чернорецк ауылынан 15 шақырым жерде республикалық тасжолда болды. 23 қазан күні сағат 00:58-де екі көліктің жылқы соққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығының тобы жіберілді. 9 минут ішінде жетті. Өкінішке орай, екі зардап шегушіні құтқару мүмкін болмады - 29 және 35 жастағы ер адамдар өмірге сүруге сәйкес келмейтін жарақат алды. Тағы екі науқасты – 36 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелді Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Дәл осы күні Баянауыл ауылынан 25 шақырым жерде үш көлік соқтығысты. 103 желісіне қоңырау 21:07-де түсті, жедел жәрдем 12 минутта жетті.
Апат салдарынан бес адам зардап шеккен. 51 және 24 жастағы ер адамдар мен 2 және 12 жастағы екі бала аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
- 22 қазан күні сағат 18:14-те жедел жәрдемге ер адам жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетті деген хабар түсті. Оқиға Солнечный кентінен шыға берісте болған. 103 қызметкерлері 6 минут ішінде оқиға орнына жеткенімен, 44 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол өте ауыр жарақат алған, - деді жедел жәрдем.