Павлодарда жыл басынан бері 2 мыңнан астам адамның ісі сотқа жетпеген

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Медиация шарасы сотта қаралатын істердің санын азайтты. Бұл туралы  медиация жөнінде өткен жиында облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда жыл басынан бері 2 мыңнан астам адамның ісі сотқа жетпеген

Медиация институтын насихаттау мақсатында 3 тамыз - Бірыңғай медиация күні болып жарияланды. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында ашық есік күндері өткізілді. Шараға 4,5 мыңнан астам адам қатысқан.

 - Медияция - адамға сыйластық танытуға бағытталған көпжақты құрал, - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. - Қазақстан халқы Ассамблеясы бітімгершіліктің маңызды міндетін атқаруда. Біздің институттың арқасында қаралатын істер саны азайып, жанжалдар сиреді».

Медиация орталығының жетекшісі, Павлодар облысындағы ҚХА төрағасының бірінші орынбасары Ольга Николашинаның айтуынша, медиация рәсімінің маңыздылығы - қарым-қатынасты сақтай отыра дауласуға рұқсат етіп, адамдарды өз еркімен келісімге келуге итермелеуінде. - Орталық ашылған 2,5 жылдың ішінде ауқымды істер атқарылды, - деді Ольга Николашина. - 2016 жылдың 4-маусымында облыс әкімдігі, облыстық сот және Қазақстан халқы Ассамблеясымен үшжақты келісім жасалғаннан бастап қарқын ала бастадық».

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда өңірде медиацияның 34 кабинеті жұмыс жасайды. Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловтың сөзіне қарағанда, биыл жыл басынан бері 2000-нан астам іс сотқа дейін жетпеген. - Қазіргі кезде Екібастұз қалалық сотында және Павлодар қалалық №2 сотында бітімгершілікке келу бойынша пилоттық жоба басталған, - деді Мұхтар Смағұлов. - Әкімшілік сот отбасылық-тұрмыстық істерде жанұяны сақтап қалу, отбасыларда күш көрсетуді азайту үшін екі жылдан бері медиация нәтижелі қолданылып келеді. Бесінші шілдеде облыстық сот пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында облыста сотқа дейінгі және сот тәртібімен медиация жасау бойынша меморандумға қол қойылды. Бұл өз жемісін беретін жаңа, әрі қызықты жұмыс. Оған қоса, біздің мекеме - республика бойынша орталықпен бірлесе отырып мектеперде медиация көмегімен ұрыс-керіске рұқсат ететін алғашқы ұйым.   

Фото: pavlodarnews.kz