Павлодарда жылдың үздік мамандары мен студенттері марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда «Менің жетістігім - елімнің жетістігі» атты облыстық байқаудың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда жылдың үздік мамандары мен студенттері марапатталды

Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырыған облыстық жарыс үш бағытта жүзеге асырылды. Әр бағыт бойынша 10 талантты қыз-жігіт және жалпы саны 30 студент марапатқа ие болды. Сондай-ақ, өз саласының 13 жас маманы да ескерусіз қалмады. Марапаттау рәсімінде сөз алған Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев жастарды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. - Қоғамның қозғаушы күші - жастар. Бүгінгі таңда 16 мың студент өңіріміздің төрт жоғары оқу орнында білім алуда. 800-ге жуық жас отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушысы атанды. 700-ге жуық жас азамат «Жастар тәжірибесі» аясында, 290 маман «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты. Биылғы жылы «Жасыл ел» жасақтарының жұмысына 1700 жас қатысты, - деді Қ. Бозымбаев. Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды.