Павлодарда жылу беру маусымы басталды
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Ең бірінші кезекте әлеуметтік сала нысандарында жылу беру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 262 нысанның 237-сі қосылды. Қалған 25 нысанда қалыпқа келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал тұрғын үйлерге жылу беру 2017 жылғы 22 қыркүйектен басталды. Тұрғын үй қорының дайындығы 94 % құрады. Қазіргі кезеңде 239 көп қабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіліп, жылуды қосу жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Айта кетейік, 6 % немесе дайындық шараларын уақытында жүргізбеген 75 көп қабатты тұрғын үй қоры жылу маусымына дайын емес. Аталмыш тұрғын үйлерге жылу ең соңғы кезекте беріледі. Қызмет көрсетуші ұйымдарын көрсете отырып жылу беру маусымына дайын емес үйлердің тізімі Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.