Павлодарда ауыр қылмыс жасаған екі ер адам сотталды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодарда 26 жастағы Максим Калинді өлтірді деген екі күдікті 18 жылға сотталды.
Тергеу мәліметтерінше, Максим Калин 2025 жылдың 4 сәуірінде туған күнін атап өткен. Ол танысының көлігіне мінген кезде, оларға тағы бір ер адам қосылған. Максим Калин мен дәл осы екінші адам арасында жалжал туындаған. Көліктегі екі ер адам Максимді ұрып-соға бастаған, содан кейін оны жүксалғышқа салып, зиратқа апарған. Олар сол маңда оны ұрып-соғып, кейін қылмысты жасыру үшін өлтіруді ұйғарған. Күдіктілер жәбірленушіні күштеп көлікке отырғызып, алыс аймаққа апарып, бірнеше рет көлікпен басып өткен. Максим алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Екі айыпталушыға қатысты іс қозғалды. Олардың бірі қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасамағанын айтып, жауапкершілікті өз мойнына алды. Алайда сот бұл сөздерге сенбеді.
— ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігінің 5, 7-тармақтарына сәйкес, көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, — деп үкімді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айнұр Юсупова жариялады.
Сондай-ақ сотталушылар жәбірленушінің отбасына 10 миллион теңге моральдық шығынды бірлесіп төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Павлодарда бұған дейін анасы мен баласы үйінде өлі табылды.