Павлодардағы айықтырғышта орын жетпей жатыр
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Облыс орталығындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында демалыс және мерекелік демалыс күндері орын жетпей жатыр. Бүгінде мұнда маскүнемдерді айықтыруға арналған небәрі 24 орын қарастырылған.
Павлодарлық полицейлер уақытша бейімдеу және детоксикация орталығындағы орын санын ұлғайтуды сұрап отыр. Айтуларынша, айықтырғыш үнемі толып тұрады, тіпті кей күндері шақталған орын санынан екі есе асып түседі.
- Айықтырғыштағы орындар санын көбейтпесе болмайды. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында демалыс және мерекелік демалыс күндері орын жетпей жатыр. Ішімдікке тойып алған азаматтар қоғамдық орындарда шу көтеріп, қылмыс жасайтын жайттар жиі кездеседі. Немесе қылмыстық істе зардап шегуші ретінде танылады. Сондықтан бұл мәселе өзекті,-дейді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.
Тәртіп сақшылары айықтырғыштағы орын санын 24-тен 55-ке дейін арттыруды сұрайды.
Еске сала кетейік, Павлодарда жетім қызды зорлаған ер адам полиция қолына түспеу үшін өзін атып өлтірді.