Павлодардағы жаңа шағын ауданда тұрғындарға 198 пәтердің кілті тапсырылды

Қуаныш
Фото: pavlodarnews.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жаңа пәтерлер баспана кезегінде 15 жылдан астам тұрған азаматтарға бұйырды. Олар - халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім балалар. 

Облыс орталығында жаңадан пайда болған «Достық» шағын ауданында тағы бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы саны 198 отбасы баспаналы болды. 

Павлодар
Фото: pavlodarnews.kz

Жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қуанышқа кенелген тұрғындарды құттықтады. 

- Бұл пәтерлер сонау 2000-шы жылдардан бері тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріліп отыр. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, жетім балалар баспаналармен қамтылып жатыр. Сабырлық танытып, осы уақыт ішінде түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақ-береке мен қуанышқа толы болсын! - деді ол.

Тұрғындар қуанышы
Фото: pavlodarnews.kz

Биыл Павлодар облысында жалпы саны 1 280 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Мамыр айында тағы 200 пәтердің кілті табысталады.

Өңірде жалға берілетін тұрғын үй салу тәжірибесі жалғаса береді. Жобаны ҚР Үкіметі қаржыландырады.

 

Соңғы жаңалықтар