Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық университетте бірінші курстықтардың дәстүрлі апталығы аяқталды

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің  15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ -  Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық  университетінде   семестр      бірінші курстықтардың  дәстүрлі апталығымен  басталды. Жаңадан студент  атанғандар    оқу орнымен, сабақ кестесімен,     оқытушылармен  және   шығармашылық   өмірмен танысты.

Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық  университетте     бірінші курстықтардың  дәстүрлі апталығы аяқталды

Апталық   республика  Конституциясына арналған  Брейн-ринг ойынымен аяқталды.   Бірінші  курстықтар    Ата Заңымызға арналған   сауалдарға     жақсы жауап   беріп  қана қоймай, сонымен бірге   өздері  оқитын университеттің  қашан  құрылғаны,  оның президенті кім екендігі  туралы  және т.б.     сауалдарға жауап берді.   Музыкалық  конкурс  та  қызықты өтті -  болашақ менеджерлер     домбыраның сүйемелдеуімен   қазақ  әнін  орындаса, педагог-студенттер     қойылым  сахналады.  

Жоғары  курстықтар   өздерінің іздерін басып  келе жатқан   іні-қарындастарының   тапқырлықтарын,   әзіл-қалжыңдарын, ең бастысы -  оқуға деген талпыныстарын  оң бағалап отыр.