Павлодардағы «Қазақстан-Сібір 2011» халықаралық көрмесін қазақ қолөнершілерінің «Шеберлер ауылы» құлпырта түсті

ВЛОДАР. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеше Павлодарда ашылған «Қазақстан-Сібір 2011» халықарлық өнеркәсіптік көрмесін «Шеберлер аулы» құлпырта түсті.
None
None

Қаз қатар тігілген алты киіз үйде Астана, Шымкент, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Петропавл және РФ-ның Алтай өлкесінен келген қолөнершер мен сәндік қолданбалы өнер шеберлері киізден, ағаштан, металдан жасалған өз бұйымдарын ұсынды.

Киіз үйлердің бірінде келушілер қазақ ұлттық аспаптарын көрді және домбыраның, қобыздың, дабылдың, дауылпаз бен асатаяқ сияқтты қазақ ұлттық аспаптарын тамашалады. Келесі үйлердің бірінде Мұсыман әйелдері лигасы көрермендерге қазақтың салт- әдеп жоралғысын көрсетті, аңшылық киіз үйінде беркітшілердің әңгімелері қыза түсті. Көрермендердің өздеріне ұнаған қайсыбір тауарларды сол жерде сатып алуларына мүмкіндік туғызылды.

Соңғы жаңалықтар