Павлодардағы көпірде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарт - Павлодарда Honda Stepwagon көлігі мен автобус соқтығысып, ссоның салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Павлодардағы көпірде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

«24 желтоқсан күні сағат 18:04-те Павлодар-Шарбақты күре жолындағы көпірде Honda Stepwagon көлігі мен Volvo қалалық маршруттық автобусы соқтығысты», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккен жеңіл көліктің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті департамент өкілдері.


Автор: Антон Гагарин