Павлодардағы өрт ер адамның өмірін қиып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан өрттен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодардағы өрт ер адамның өмірін қиып кетті

«30 наурыз күні сағат 05.11 де Қамзин көшесіндегі тоғызқабатты үйдің бірінші қабатындағы шаруашылық бөлме өртенді. 6 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау 1964 жылы туған ер адамның өмірін қиып кетті. Өрттің бастапқы себептерінің бірі - шылым шегудегі абайсыздық»,- деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт туралы  хабар 05.52-де түсіп, 06.13-те толықтай өшірілді. Подъезден 20 адам шығарылды, олардың ішінде 7 бала бар. Оқиға орнында 17 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеді.