22:32, 23 Тамыз 2017 | GMT +5
Павлодардағы Сәтбаев көшесінде көліктер соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы Сәтбаев көшесінде көліктер соқтығысып, салдарынан кептеліс орын алды.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Газель автокөлігі мен Toyota Mark 2 көліктері соғылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды. Алайда ауруханаға жатқызылған жоқ. Оған медициналық көмек көрсетілді.
«Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы орын алған жерде полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Істің мән-жайы жуық арада анықталатын болады, - деді баспасөз қызметкері.