Павлодардағы «Славяки» ансамблі қазақтың «Сары жез құмған-ай» әнін шырқады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар қалалық саябағында орыс xалқының "Славян" этномәдени орталығы өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті.

Павлодардағы «Славяки» ансамблі қазақтың «Сары жез құмған-ай» әнін шырқады

Қазақстан xалқы Ассамблеясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жетпісбай Сейсенбаевтың айтуынша, жазғы этнофестиваль жуырда қазақтың "Қымызмұрындық" ұлттық мерекесімен басталған, деп xабарлайды pavlodarnews.kz .  

«Этномәдени фестивальді "Кабардино-Балкар" орталығы жалғастырған болатын. Бүгінгі күні орыс xалқының "Славян" мәдени орталығы өз өнерлері мен ұлттық салт-дәстүрлерін қала тұрғындарына ұсынуда. Келесі аптада "Фино-угор" ұлттық мәдени орталығы мен кәріс ұлтының өнер ұжымдары өз меркелеріне шақырады. Күзге дейін қаламыздағы 24 этномәдени обірлестік осылай өз күндерін атап өтеді. Қорытынды концерт Қазақстан Конституциясы күні қарсаңында ұйымдастырылып, бірлестіктердің өкілдері марапатталады, - дейді Жетпісбай Сейсенбаев.    Шара барысында "Славяки" әжелер ансамблі қазақтың "Сары жез құмған-ай" әнін орындаса, Клавдия Кузьминская, Алима Макитова сынды әншілер орыс xалық әндерінен шашу шашты.