Павлодардағы театрға Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориалды тақта қойылатын болды

Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының қабырғасына Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориалды тақта орнатылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодардағы театрға Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориалды тақта қойылатын болды

Қазақ ССР халық әртісі, Баянауыл ауданының тумасы, режиссер Кәукен Кенжетайұлына арналған мемориалды тақтаның ашылу салтанаты 28-қыркүйек күні театрдың 27-ші өнер маусымының ашылуымен бірге өткізілмек.

«Қазақ кино өнерінің жарық жұлдызы, актер, жерлесіміз Кәукен Кенжетайұлының туғанына биыл 100 толып отыр. Осыған орай тақтайшаны өңірімізге белгілі суретші, мүсінші Бота Машрапов жасады», - дейді облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева.