Павлодардағы түлектер кешіне Қайрат Нұртас пен Әлішер Кәрімов келуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда дәстүрлі мектеп бітірушілердің «Жас толқын-2017» кешіне эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Әлішер Кәрімов келуі мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Павлодардағы түлектер кешіне Қайрат Нұртас пен Әлішер Кәрімов келуі мүмкін

Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл өңірде 3738 түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде жалпы орта білім туралы ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» төсбелгісінің үміткерлері - 146. Павлодар қаласының жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 1481 түлегі үшін «Жас толқын-2017» салтанатты кеші 2017 жылғы 10 маусым сағат 21.00-ден 24.00-ге дейін орталық стадионда өтеді. Бағдарламаға сәйкес жастарға жалпы орта білім туралы ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» төсбелгісі салтанатты түрде табысталып, облыс әкімінің атынан бағалы сыйлықтар (ноутбуктер) сыйға тартылады. Сондай-ақ, отандық эстраданың атақты әртістері өнер көрсетіп, от шашу болады.

«Біз жылдағыдай түлектер арасында сауалнама жасадық. Павлодарлықтардың басым бөлігі Қайрат пен Әлішерді көргілері келеді. Дегенмен олардың келуі, келмеуі белгісіз, нақты шешім 8-маусым күні шығарылады», - деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында.