Павлодардағы түзеу мекемесінде Ашық есік күні өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша АП 162/3 қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен Ашық есік күніне 49 жазасын өтеушінің туыстары мен жолдастарынан 69 адам келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Бұл шараның мақсаты сотталушылардың туыстарын қылмыстық атқару жүйесінің қызметімен таныстыру болып табылады», - деді мекеме басшысы, әділет майоры Мақсат Әшімов.

«Қақпадағы кездесу» жобасы аясында сотталғандармен жазасын өтеп шыққан жандарды бейімдеу орталығы және Павлодар қаласы әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту секторының өкілдері Амангелді Сәрсенбев пен Қуаныш Жүсіпов келді. Олар осы санаттағы адамдарға әлеуметтік бейімделу бойынша мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ұсынды. Бұл күні жеті адам мерзімінен бұрын босап шықты.

Түзету мекемесінде болған уақытта Сапарбек Қазиев № 1 коллелджден «Жиһаз жинақтаушы» мамандығын алып шыққан.

«Менің мамандығым бар. Сондықтан жұмыс істеп, өз отбасымды асырауды ойлаймын. Қызымның менен ұялмай мақтан тұтқанын қалаймын»,-деді ол.

Айта кетейік, өңірдегі үш түзету мекемесінде 2025 адам жазасын өтеуде.

Соңғы жаңалықтар