Павлодардағы уақытша оқшаулау орталығының тәрбиеленушілері полиция инспекторына шабуыл жасады

ПАВЛОДАР. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында отырған 15-17 жастағы төрт жасөспірім полицияның кезекші инспектор-психологы Ирина Вольнюкқа шабуыл жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Ішкі істер департаментінде сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында мәлім етілгендей, оқиға мамырдың 10-ы күні кешке болған. Жасөспірімдер балалар бөлмесінде теледидар көріп отырған. Олар кенеттен бөлмеден шығып, біреуі И.Вольнюкке сыртынан келіп, оны жерге құлатып, мойнынан қылғындыра бастаған. Екіншісі оған «көмектесіп», әйелді тепкілеген, ал қалған екеуі терезені сындырып, орталықтан қашып кеткен. Орталықтағы екінші кезекшіні жасөспірімдердің бірі таяқты ерсілі-қарсылы сілтеп, қозғалтпауға тырысқан, кейін сыртқы есіктің кілтін тартып алып, ізін жасырған. Қашқындардың барлығы келесі күні ұсталды. Полиция лейтенанты И. Вольнюк «бас сүйегі жарақаты» диагнозымен травматологиялық бөлімге жеткізілген. Кәмелетке толмағандарға қатысты билік өкіліне қол жұмсағандары үшін қылмыстық іс қозғалып отыр. Олардың үшеуі тұтқындалып, төртіншісі орталыққа қайтарылды.
Соңғы жаңалықтар