Павлодардағы жол апатынан бір әйел көз жұмып, екі бала жарақат алды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

«25 маусым күні сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты.

Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ІІМ-нен.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар