Павлодардан қашып кеткен сотталған азамат Астанада ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз ауруханасынан қашып кеткен сотталушы Астанада қолға түсті. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінен хабарлады.

Павлодардан қашып кеткен сотталған азамат Астанада ұсталды

Полиция қызметкерлері оны екі күн бойы іздеген. Белгілі болғандай, сотталған адам Павлодар облысының Шідерті кентіндегі колонияда жазасын өтеп жатқан. «Екібастұз қалалық ауруханасында емделіп жатқан ол еркін қозғалу құқығын пайдаланып, белгісіз бағытта ізін жасырған», - деді ҚАЖ департаментінің өкілі Борис Гаврилюк.

Оның айтуынша, қашқын жалған кәсіпкерлігі үшін бес жыл алты айға соталып, колонияда жазасын өтеп жатқан. Жаңа заңбұзушылық үшін прцессуалдық шешім қабылданған жоқ. Алайда оның енді тағы екі жыл бас бостандығынан айырылу қаупі бар, деп атап өтті Б.Гаврилюк.