Павлодардан Кемеровоға автобус қатынайтын болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мен Кемерово арасындағы автобус қатынасының наурыз-сәуір айларындағы кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодардан Кемеровоға автобус қатынайтын болды

Жаңа автобус қатынасының жолға қойылғаны туралы алғаш «Кузбасспассажиравтотранс» кәсіпорнына сілтеме жасай отырып Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеген.

Елшіліктің ақпаратына сүйенсек, наурызда 4 рейс, сәуір айында тағы бес рейс жүруі тиіс.

«Кемерово автовокзалынан рейстер 12:05-те, ал Қазақстаннан 14:30-да жолға шығады. Ересектер үшін билеттің бағасы 2260 рубль, балалардың билеті 1130 рубль етіп белгіленді. Жолға кететін уақыт - 15 сағат. Бұрын Павлодарға автобус тек Новосібірден ғана жүретін», - делінген хабарламада.

Авторы: Антон Гагарин