Павлодардың 30 ауылында жаңа медициналық ұйым салынады

емхана
Фото: Pexels

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Барлық құрылыстың жалпы құны — 5,3 млрд теңге. Жаңа ғимараттар жыл соңына дейін салынып бітеді деп жоспарланған.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында Павлодар облысындағы 30 елді мекенде 2 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлі пункт, 23 медициналық пункт салынады.

Олардың құрылысына 5,3 млрд теңге жұмсалмақ.

Бұл туралы өңір басшысы Асайын Байханов хабарлады.

Ол жергілікті аудан әкімдеріне жаңа денсаулық сақтау нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуді, емдеу ұйымдарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды. 

Сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшыларына ұлттық жоба ҚР Президенті мен Үкіметтің ерекше бақылауында екенін еске салды. 

Міндетті шарттардың бірі — ашықтық және құрылыс барысын толық бақылау.

Жұмыс барысына мониторингті Үкімет аппараты мен бейінді министрліктер «Битрикс» ақпарат жүйесі арқылы жүргізеді. 

Соңғы жаңалықтар