Павлодардың республикалық жолдарында су басуы ықтимал 4 учаске бар

Қанат кәрімов
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысының аумағындағы республикалық жолдарда су басуы ықтимал 4 учаске бар. Олар Баянауыл, Ертіс, Май аудандары аумағында орналасқан. Күн жылына бере қар күрт ерісе, кейбір жолдардың үстімен қызыл су өтуі мүмкін.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиал директорының орынбасары

Алексей Логвиненко
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

ның сөзінше, көктемде негізгі қауіп «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолындағы екі учаскеге төнуі ғажап емес. Әсіресе, 231 шақырымы осал деп танылып отыр.

— Бұл жерде су өткізетін екі тюбингті және бір темір-бетонды құбыр орналасқан. Бірақ автожолдың өзі ойпаң жерде. Жазғытұрым сай-саламен жүгіретін су көп көлемде жиналса, жолдың үстімен жүріп өтетіні анық. Сондықтан біздің кәсіпорынның қызметкерлері ол жерге ірі және қиыршық тастар, құм толтырылған қаптар, өзге де инертті материалдарды дайындап қойды. Екінші учаске — 100-105 шақырым аралығы. Ол жерге 2 және 3 аралықты үлкен көпірлер салынған. Мұндағы асфальтты жол да ойпаңмен өтеді. Ащысу өзені арқылы ағыл-тегіл ағатын су қатты жайылса жолға шығып кетуі ықтимал, - деп ескертті маман.

Үшінші қауіпті учаске — "Атамекен-Ертіс-Русская" поляна бағытындағы республикалық жолдың Ресеймен шекаралас тұсындағы 5,8 шақырымдық айналма жол. Негізгі автожол жөндеуге жабылғандықтан 2022 жылы айналма жол салынған. Былтыр су өткізетін құрылыстардың жеткіліксіздігінен айналма жолдың бір бөлігін су басып, биіктетілген жерді жырып өткен.

«ҚазАвтоЖол» күшімен өткен жылы 11 су өткізетін құбыр төселіпті. Бірақ биыл Ертіс ауданында қардың мөлшері өте көп екенін ескерсек, бұл құрылыстардың төтеннен келетін мол суға төтеп бере алатынына күмән мол.

Соңғысы — "Атамекен-Көктөбе-Үлкен Ақжар-Курчатов" автожолының 213 шақырымы. 2018 жылы көктемде дәл жанынан өтетін теміржолдың үлкен су құбыры кенеттен ашылғанда лап қойған су көлік жолын басып қалған. Биыл да сол жағдай қайталануы мүмкін.

Өңірлік жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Қанат Кәрімовтің дерегінше, жалпы облыс аумағындағы барлық автожолдарда 1279 су өткізетін құрылыстар бар.

Олар жергілікті атқарушы биліктік күшімен 10 наурызға дейін қардан аршылып, дайын тұруы керек.

Соңғы жаңалықтар